Рөлдік ойындар, театрлық қойылым жобасы аясында «Welcome to English World» тақырыбында шет тілі әдіс бірлестігінің бұрышы мен онкүндігінің ашылу салтанаты болды.
Мақсаты: Оқу үдерісінде оқушылардың шығармашылық және танымдық іс-әрекеттерін дамыту, сонымен қатар шет тілінде білімін тереңдетіп, мәдени ой-өрісін кеңейтуге, шығармашылық белсенділігін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал жасау.
Бұрыштың тұсауын мектеп директоры Нысанбаева Ұлжамал Талапбекқызы мен директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амалдықова Бақтыгул Расулқызы кесіп, алдағы уақытта білім алушыларға берер әсері мол екеніне, жүйелі, нәтижелі жұмыстың жүретініне сенімдерін білдірді.
«Welcome to English World» тақырыбындағы кеңістігінде әлемнің ең ауқымды ойын-сауық өндірісіне айналған «Уолт Дисней компаниясының» қазіргі таңда балалардың қызыға көретін әлемдік мульттоптамалары «Микки Маус», «Мұзды өлке», «Ақшақар мен жеті ергежейлі», «Бұрымды Рапунцель» кейіпкерлері ілініп, солар туралы мәліметтер берілді, «Cinderella» ертегісінен үзінді қойылым көрсетіліп, ән мен билер орындалды.

