№ 39 Л.Жолдасов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Төрт өлшемді білім беру идеясы арқылы функционалды сауатты және эмоционалды интеллектісі жоғары тұлғаны қалыптастыру» миссиясын жүзеге асыру барысында «Бойға қуат беретін сусындар» жобасы жұмысын бастады. Жоба - анықталған проблемаларды шешуге, дамуға бағытталған үдеріс. Кейінгі жылдары еліміздегі жасөспірімдер арасында химиялық қоспасы бар энергетикалық сусынға деген тәуелділік проблемасы белең алып барады. Білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын артыра отырып осындай сусындарға тәуелділіктің алдын алу, өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру, салауатты өмір салтын ұстау мақсатында жаратылыстану әдіс бірлестігінің ұйымдастырумен жоба аясында «Бойға қуат беретін сусындар» бұрышының тұсауы кесілді.
https://zholdasov-keles.keles-bb.edugov.kz/zhanalyktar-zholdasov/10858-%C2%AB%D0%B1%D0%BE%D0%B9%D2%93%D0%B0-%D2%9B%D1%83%D0%B0%D1%82-%D0%B1%D0%B5%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%96%D0%BD-%D1%81%D1%83%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80%C2%BB-%D0%B6%D0%BE%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%8B.html#sigFreeId1cbaff7b93

